Ордабасыда жаңа зауыттың іргетасы қаланды

Oinet.kz 26-07-2024 60

67.jpg 

Түркіастан облысы Ордабасы ауданында алюминий профильдерін өндіретін зауыттың іргетасы қаланды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

--Ордабасы ауданында жаңа зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатыстым. Аудандағы «CENTRAL ASIA ALUMINUM» зауытының құрылыс алаңында болып, алюминий профильдерін өндіру жобасымен таныстым. Мұнда алюминий профильдерін шығаратын зауыттың құрылысы басталып кетті. Жаңа зауыт құрылыс жұмысы аяқталған соң келесі жылы алғашқы өнімін шығаруды жоспарлап отыр.

Инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетіледі. Ешқандай кедергі жоқ. Жұмыс орындарын ашу – маңызды іс. Бұл зауыт та өңір экономикасының дамуына үлес қосады деп сенемін.

Жұмыс сапары аясында Ордабасы ауданына қарасты Ақбұлақ елді мекеніндегі 300 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында болып, мердігерлермен кездестім. Білім ұясында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалады.

Ауданда тұрғын үйдің де құрылысы жүріп жатыр. Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі 2 пəтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталды,-деп жазған өңір басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 


Сайрам: Ауданда жаңа мөлтекаудан салынады
Түркістан: «Өнерлі өлке» басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу