«Таза Қазақстан»: Акцияға мәдениет қызметкерлері қатысты

Oinet.kz 06-08-2024 207

56.jpg 

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты бірқатар мекемелер тазалық акциясына қатысты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жалпы саны 150-ге жуық қызметкер сенбілікке белсене қатысып, мекеме аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Олардың ішінде, Облыстық мәдениет және халық шығармашылық орталығы, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық, Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі мен «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бар.

Сонымен қатар, Бәйдібек аудандық көркем сәулет мұражайы, Кентау қалалық мұражайы, «Оңтүстікфильм», С.Қожанов атындағы мұражайы, Төлеби мұражайы, Арыс қаласының мұражайы, Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Руханият Әбу-Насыр әл-Фараби мұражайы, Мақта шаруашылығы тарихының мұражайы, Бейнелеу өнері мұражайы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды драма театры, Түркістан музыкалық драма театры мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы атсалысты.

Жалпы сенбілік қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сондай-ақ аудан, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округі аумағынан өтетін Келес өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар аясында өзен бойындағы бей-берекет тасталған қоқыстар тазаланды. Сенбілікке жалпы аудан жастары мен белсенділерден құралған 60-қа жуық адам атсалысты. Нәтижесінде 30 қап қоқыс жиналды.

Жалпы Сарыағаш ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар қарқынды атқарылуда.

Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алуда. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданы бойынша аталған акцияға барлық ауылдық округ, кенттерде өз жалғасын табуда.

Акция аясында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, тазалық жұмыстарына 50-ге жуық аудан тұрғындары мен еріктілер қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 8 тоннаға тарта күл-қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді. Сенбіліктерде көше бойлары, көпшілік орындар, тұрғындардың жеке жайлары қоқыстардан тазартылып, тал көшеттер суғарылуда.

Сайрам ауданындағы Арыс ауылында Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алуда. Осы ретте аудандық Жастар ресурстық орталығының жастары мен аудандық Мансап орталығының мамандары Арыс өзені аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар аясында өзен жағасы қоқыстар мен арам шөптерден тазартылды. Сондай-ақ, айналадағы қураған ағаш бұтақтары реттеліп, арнайы қоқыс аймағына шығарылды.

Жалпы Сайрам ауданында өткізіліп жатқан сенбіліктер қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сондай-ақ аудан, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Сонымен бірге Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен «Жастар шыңы – 2024» іс-шарасы өтті. Аталмыш шараға Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Е.Бектаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Көшкінбай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, сондай-ақ облыстың әр аймағынан жиналған 50-ге жуық жас қатысты.

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркіне» қарасты Өгем тауына арнайы ұйымдастырылған саяхаттың негізгі мақсаты – өңірдегі экотуризмді дамыту, киелі орындар мен тарихи мекендерді жастар арасында кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Jasyl Marathon 24» атты плоггинг болып өтті. Шарада Өгем тауының бөктеріндегі қоқыстар жиналып, арнайы техникалардың көмегімен полигондарға жеткізілді.

Тазалық жұмыстарынан кейін аудан әкімдігі, облыс жастары, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мен ерікті жастар арасында волейболдан турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң командасы иеленді. Ал 2-орынға «Түркістан» командасы табан тіресе, 3-орын «Қазығұрт ауданы әкімдігінің» командасына бұйырды. Жеңімпаз атанған командаларға аудан әкімінің атынан естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.


Отырар: Биыл 100 шақырым жол жөнделеді
Түркістан: банкрот деп танылған жеке тұлғалар мыңнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу