«Таза Қазақстан»: Акцияға кітапханашылар да атсалысты

Oinet.kz 03-08-2024 182

54.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы облыс орталығындағы «Фараб» кітапханасының аумағында жалғасын табуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінде кітапхана ұжымы сенбілік ұйымдастырып, нәтижесінде аумақты күл-қоқыстар мен ретсіз өскен шөптерден тазартты. Атқарылған жұмыстарға 35 мекеме қызметкері жұмылдырылған.

Жалпы Түркістан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар қарқынды атқарылуда.

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бәйдібек ауданындағы сәулет-көркем музейінің аумағы мен «Қосым баба» кесенесінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға аудандық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасы және музей ұжымы қатысты. Нәтижесінде музей мен кесененің ауласы қоқыс пен шөптерден тазартылды. Сенбілік - қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Айта кетейік, музей ғимараты республикалық деңгейдегі тарихи-сәулетті ескерткіш болып саналады. Бүгінде музейге келушілердің саны артып келеді. Онда көне тарихтан сыр шертер құнды жәдігерлер жинақталып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында тазалық шаралары жалғасын табуда. Бүгін аудандағы 1 қала мен 12 ауылдық округте жалпыаудандық сенбілік өтті. Шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен ерікті жастардан құралған жалпы 1 мыңға жуық адам қатысты. Аудандағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатындағы тазалық шарасы барысында қураған ағаштар жиналып, жол бойлары, көшелер қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, шөптер орылып, жасыл желектер суғарылды.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев барша аудан халқын табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарға өз аулаларын таза ұстау бойынша нұсқама берілді.

Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында республикалық экоакция аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Келес ауданында әр аптаның сенбі күнінде аймақ басшысы Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасымен жалпыаудандық сенбілік өтуде. Әр ауыл мен ауылдық округтер күл-қоқыстан тазартылып, халықтық экологиялық мәдениет қалыптасуда. Тазалық іс-шарасына түрлі мекеме және қоғамдық қызметкер, ауыл тұрғындары қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылуда. Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру.


«Ауыл аманаты»: Жоба аясында балық шаруашылығы өркендеуде
Отырар: Биыл 100 шақырым жол жөнделеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу