Ордабасыда коммуналдық жағажайлар ашылды

Oinet.kz 26-07-2024 46

31.jpg 

Жаз мезгілінде су айдындарында жазатайым оқиғалар көптеп тіркеледі. Осы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы  Ордабасы ауданына қарасты Бөген елді мекені, «Бөген» су қоймасы бойынан коммуналдық жағажай ашылды.

Шараға Түркістан облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник А. Ержанов пен департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор О.Дүйсен қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жағажайда адамдардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін құтқарушылар, алғашқы медициналық көмек көрсету бекеті және қоғамдық тәртіпті сақтау бекеттері де құрылды.

Биыл Түркістан облысының аумағында 36 (оның ішінде 19 коммуналдық болса 17 жекеменшік жағажай) қауіпсіз демалыс орны жұмыс істеп тұр. Барлығында дерлік демалушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Осы орайда, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертеді! Белгіленбеген және тыйым салынған орындарда суға түсуге болмайды, балаларды су айдындарының жағасында қараусыз қалдырмаңыздар!


Шардара: Күнбағыс тамшылатып суару әдісімен өсірілуде
Түркістан: Әкім шаруаларға кілт тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу