«Таза Қазақстан»: Демалыс орындарында сенбіліктер өтті

Oinet.kz 22-07-2024 44

22.jpg 

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үлестерін қосты. Сенбілікке жиылғандар Алатау ауылдық округі, Ақмешіт шатқалының демалыс орындар аймағында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Тазалық іс-шарасы барысында таулы аймақта орналасқан демалыс орындары маңында, өзен жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, қураған ағаштар алынды. Жастар экоакцияға белсенді атсалысып, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарды.

Осы орайда, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң қызметкерлері барша қазақстандықтарды тазалық акциясына атсалысып, үй маңын таза ұстауға, құрылыс қалдықтарын арнайы орынға тастауға шақырды.

 «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сауран ауданы бойынша сенбілік жұмыстары өтті. Тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірлесе атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарды. Шорнақ ауылдық округінде, «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Шәуілдір», «Түркістан-Кентау» бағыттары мен С.Қожанов елді мекеніндегі ұйымдастырылған сенбілікке – 400-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 76 тонна қоқыс шығарылып, оған 13 техника жұмылдырылды.

Аталған шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.


Акция мақсаты—экологиялық мәдениетті қалыптастыру
«Ауыл аманаты»: Түркістан алғашқы орында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу