«Таза Қазақстан»: Табиғат жанашырлары бұлақ көздерін ашты

Oinet.kz 19-07-2024 30

18.jpg 

Елімізде сәуір айынан бері жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы Түлкібас ауданында жалғасын тапты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Табиғаты тамаша аудандағы жасалынған тазалық шарасына Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-ң Түлкібас аудандық филиал ұжымы, Түлкібас аудандық Ақсақалдар кеңесі, Медиация кеңесі мен Түлкібас ауданы Ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, аудандағы БАҚ өкілдері, "Аманат" партиясы, Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға барлығы 50-ге жуық табиғат жанашыры үлес қосып, өңірдегі демалыс орындарды, республикалық маңызы бар автожол жиегін, бұлақ көздерін ашуға көмегін тигізді. Сонымен қатар, аталған акцияға аудан тұрғындарын да белсенді қатысуға шақырып, көркіне көз тоймайтын өңірге жанашырлықпен қарау керектігін тілге тиек етті.


Қазығұртта құрылыс материалдары шығарылады
Ордабасыда 3 инвест жоба іске асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу