«Таза Қазақстан»: Акцияға отырарлықтар да белсене қатысуда

Oinet.kz 18-07-2024 46

12.jpg 

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық республикалық экологиялық акциясы аясында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Осыған орай, аудан орталығындағы «Жібек жолы» даңғылы бойында қоршауларды сырлау, гүлзарларды суғару, арамшөптерді отау жұмыстарына қоғамдық жұмыспен қамтылғандар мен ауыл тұрғындары қатысып, «Отырар 2050» мекемесінің арнайы техникаларының көмегімен жиналған қоқыс қалдықтары полигондарға жеткізілді.

Аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерінде де арық-атыздарды тазалау, көшелер мен аяқ жолдарды күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылуда. Тазалық шарасына округтердегі мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен мәдени орталық өкілдері, еріктілер қатысты. Нәтижесінде көше бойлары тазаланып, ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. Сонымен қатар, аяқжолдар тазаланып, саябақтар мен скверлер ретке келтірілді.

 


Түркістан жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тартудан көш бастап тұр
Сауран: Су үнемдеу технологияларын енгізу субсидияланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу