«Таза Қазақстан»: Тұрғындар белсенділік танытуда

Oinet.kz 17-07-2024 53

9.jpg 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданының тұрғындары тазалық шарасында белсенділік танытуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Осы орайда ауданға қарасты Құркелес, Жартытөбе ауылдық округтері мен Сарыағаш қаласының тұрғындары жол жиегіндегі бағана мен тал түптерін әктеу, ағаштарды ретке келтіру, қоқыстарды жинау, шөптерді ору жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, жасыл желектер суғарылып, түптері қопсытылды. Жалпы 100-ге жуық тұрғын сенбілікке қатысып, 2 техника тазалық жұмыстарына жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстарын ұйымдастырушылар барша аудан тұрғындарын тазалық шараларына атсалысуға шақырып, алдағы уақыттарда да сенбілік жұмыстар өз жалғасын табатынын жеткізді.

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының аясында облыстық маңызы бар Шардара-Жетісай бағытындағы 30 шақырым жол бойын ретсіз жатқан қоқыстардан тазалау мақсатында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Шараға түрлі мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындарынан 300-ге жуық адам мен 4 техника жұмылдырылып, 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Сонымен қатар акция аясында, Ұзын ата ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына 100-ге жуық адам мен 3 техника тартылып, 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында алты ішкі көшеден бөлек, Шардара-Арыс тасжолының бойы шөптерден тазартылды.

Тазалықты жанына серік еткен саурандықтар да барлық елді мекендерде сенбілік шарасын өткізуде. Осы орайда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шаға, Бершінтөбе елді мекендерінде тазалық жұмыстары атқарылды. Елдімекендердегі тазалық жұмыстарының нәтижесінде 3 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілікке 30-ға жуық адам қатысты. Шарада жол бойлары қоқыстан тазартылып, полигондарға жөнелтілді.


Түркістан: Тұқымбақтарда 5,7 млн. көшет өсірілуде
Салық саласында жаңалықтар енгізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу