Медицинаны дамытуға үлес қосқысы келетін инвесторлар көп
Шымкент билігі денсаулық сақтау саласына инвестиция құйғысы келетін кәсіпкерлермен белсенді жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жаңа медициналық нысандар салынуда. Бұл сайып келгенде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов атап өткендей, мегаполисте денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін жеке секторды қоса отырып, қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізіліп, еліміздің жетекші медициналық орталықтарымен меморандумдар жасалып, жергілікті мамандардың біліктілігі артып келеді.
– Бүгінде қалада 51 емхана бар – оның 14-і мемлекеттік, 37-сі жекеменшік медициналық мекеме. Бірақ саннан гөрі сапа маңызды. Ең бастысы, олар халыққа сапалы қызмет көрсетуі тиіс. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын медициналық мекемелердің санын көбейтеміз», – деді М.Әйтенов.
Мәселен, 2022 жылдың соңында мегаполисте 800 төсектік университеттік көпсалалы аурухана мен ауысымына 700 келушіге арналған клиникалық диагностикалық орталықтың құрылысы басталды. Екі нысан да Қытайдың China MachineryEndgineering Corporation (CMEC) компаниясының мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында салынып жатыр.
«Бұл нысан Шымкенттің көрнекті белгісіне айналады және жоғары технологиялық операцияларға кеңістік ашып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырады», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Оның үстіне мегаполиске жеке инвестиция салу арқылы олар жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерін арттырып, емханалардағы дәрігерлердің жүктемені азайтуды көздеп отыр.
– Біздің басты міндетіміз – бір дәрігерге қаралған науқастардың санын 64 мыңнан 21 мың адамға дейін азайту. Ол үшін біз әрбір елді мекенде, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы емхана салуымыз керек», - деп түйіндеді сөзін қала басшысы.