Цифрландыру медициналық қызметті оңтайландыруда

Oinet.kz 28-08-2023 330

image.png

«Денсаулық сақтау саласының басты мақсаты – халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру»  дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Сондықтан да мегаполисте аталған саланы дамытуға қомақты қаржы бөлініп, медициналық ұйымдар цифрлық кеңістікке көшуде.

Бүгінгі таңда барлық емханалар ақпараттық жүйеге 100 пайыз қосылып, компьютерлермен жабдықталып, электронды форматта қызмет көрсетілуде. Шымкенттіктер үйден шықпай-ақ дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ маманды үйіне шақырып, зертханалық тексеру нәтижелерін алып, жазылған рецепттерді қарап, еңбекке жарамсыздық парағын жүктей алады. Жүкті әйелдерді бақылау да автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылуда.

Еgov.kz электронды үкімет порталында 28-ге жуық мобильді қосымша әзірленіп, жұмыс істейді, олардың бір бөлігі денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесіне біріктірілген.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы барлық емханалар өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарымен толық жабдықталған, әрқайсысында egov.kz, Damumed және K-Vrachu.kz қосымшалары арқылы азаматтарға электронды қызмет алу жолдарын түсіндіретін қызметкер бекітілген.

«Медицина ұйымдарын цифрландыру осы саладағы күнделікті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, сонымен қатар тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды», - дейді Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов.

Жақында eGov.kz порталында тағы екі медициналық қызмет автоматтандырылды. Енді азаматтар санаториялық-курорттық емделу қажеттілігі туралы қорытынды алу және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту туралы анықтама алу үшін онлайн өтініш бере алады.

Қызметтер eGov.kz порталында «Азаматтар» - «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімінде қолжетімді. Ұқсас қызметтерді Денсаулық сақтау бөліміндегі eGov мобильді қосымшасында да алуға болады. Бұл «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті, Республикалық электронды денсаулық орталығы жанындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. 


Медициналық нысандар көбейіп келеді
Медицинаны дамытуға үлес қосқысы келетін инвесторлар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу