Келген туристерді күтіп алу үшін де біліктілік керек

Oinet.kz 31-03-2023

2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласына сыртқы және ішкі туризм бойынша келушілердің саны жыл санап көбейіп келеді. Туристер санының артқанын ескере отырып, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы қаламыздың гид-экскурсоводтары мен қонақ үй қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды назардан қалдырған емес. 

Screenshot_1.jpg

Осы мақсатта гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлері арасында жыл сайын семинар ұйымдастырылады. Осымен үшінші жыл қолға алынған семинар биыл қазан айында өтеді деп жоспарланған. 

Іс-шараның басты мақсаты – қызмет көрсету сапасын арттыру және туризм саласындағы мамандардың білімін жетілдіріп, сервисты жақсарту болып табылады, дейді сала мамандары. Семинар-тренингті бизнесті дамыту, нарықта брендті сату және ілгерілету жөніндегі кеңесшілер, сертификатталған шетелдік коуч-мамандар және топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар жергілікті білікті практиктер жүргізеді. Бес күнге созылатын іс-шара соңында қатысушыларға арнайы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталады. Семинарға 40-тан астам гид-экскурсовод пен қонақ үй қызметкерлері қатысатын болады.

«Шымкент келбеті»


Қазақтың ұлттық жәдігерлері парсы туристерін таң-тамаша қалдырды
600-ге жуық шымкенттік тұрғын үй субсидиясын алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×