Келесте «Заң керуені» акциясы ұйымдастырылды

Oinet.kz 08-11-2022 321

48.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 - қыркүйек күнгі Жолдауын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен 2022 жылғы 7 қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сәйкес құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде «Заң керуені» акциясы өткізіліп жатыр. 

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан бұл акцияның мақсаты – жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады. 

Келес ауданында өткен акцияға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Келдібеков Саян Шаймұратұлы, Түркістан облысы полиция Департаментінің ЖПҚБ-ның бастығы Төреханов Асылхан Сейдеханұлы, Келес ауданының әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы, Келес ауданының прокуроры Сейфолла Бақыт Сабырханұлы және Келес ауданының полиция бөлімінің бастығы Қаныбеков Болат Бахадурұлы қатысты. 

Акция барысында жергілікті тұрғындарға жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру жұмыстары аясында сөз болып, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтар мен өтініштерге нақты жауаптар берілді. 

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Келес Ташкентпен тәжірибе алмасты
Бірлесуде «Жайлы мектеп» салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу