Дүкен иелерімен жұмыстар жүргізілуде
Келес ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында азық-түлік дүкендерінің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын (бұдан әрі - ӘМАТ, 19 атаудан тұратын тізбе қоса беріледі) қоспағанда, тауарларға бағаларды ішкі сауда субъектілері дербес айқындайды. Осы Заңның 9-бабына сәйкес шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының 15 % (он бес пайызынан) асырмауы көзделген, - дейді Келеса аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев.
Айта кетейік, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі