Арыс инвестициядан көш бастады

Oinet.kz 10-11-2022 407

32.jpg

Арыс қаласы бойынша 2022 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 23,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 млрд. теңгеге артып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді.

- Арыс қаласында 2022 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнім көлемі есепті кезеңде 4 млрд. 942,7 млн. теңгеге жетті. Ал негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 11 млрд. 900 млн. теңгені құрап, өсім бойынша облыс бойынша көш бастадық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17 млрд. 130,2 млн теңгені құрады. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 3 159 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты, - деді Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан өзге, Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2 млрд. 265,7 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция 1 млрд 360,3 млн. теңгені құрап отыр. Биыл қала бойынша 10 486 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Әкімнің айтуынша, 2023 жылы қала аумағында жылына 50 мың тонна мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт іске қосылады. Жобаның жалпы құны - 11 млрд теңге. Жаңа өндіріс орнында 112 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, аймақта жұмыс істеп тұрған апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Бәйдібек газбен 82 пайыз қамтылады
Туристік аймақтардың жолы жөнделді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу