Сайлау 2022: мүгедектерге қолайлы жағдай жасалуда
Түркістан облысында жалпы сайлау құқығына ие мүгедектер саны - 60 510. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты мүгедектері, көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер саны - 10 595.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық 893 тұрғылықты мекен-жайлар бойынша орналасқан сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған.
Дауыс беретін орындар ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырылған, пандустар орнатылған, тактильді сілтеуіштер, жолақтар төселген.
Сондай-ақ, әрбір сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға арнайы құралдармен жабдықталған кабинкалар мен бұрыштар ұйымдастырылған.