Кентау -таза қала
Түркістан облысы, Кентау қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көшелер сыпырылып, арнайы қоқыс алаңшалары дер кезінде тазаланып отыр. Жауапты жұмысты мемлекеттік-жекешелік аясында «Группа Интеко» ЖШС-і жүргізеді. Ол мемлекеттік тапсырыстағы 54 көшені тазалау міндетін алған. Оның ішінде автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші жолдарды, су ағатын лотоктарды, жасыл желектерді қоқыстан тазалау, қоқыстарды әкету жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі таңда 9 арнайы техникасымен 42 қызметкер жұмыс атқарады. Жалпы, қысқы жұмыстарға 800 текше метр құм және 80 тонна тұз дайын тұр дейді мамандар. Сонымен қатар 340-тан астам көпқабатты тұрғын үйдің 56 ауласын қоғамдық жұмысшылар арқылы күнделікті санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда контейнерлік алаңдарды әдемі, сәндік жабық панельдермен жабдықтау жұмыстары да қолға алынған.