«Таза қала» үздіктері марапатталды

Oinet.kz 01-11-2022 215

Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен оныншы рет өткен «Таза қала» акциясы қазан айында мәресіне жеткен болатын. Бүгін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының өкілдері жеңімпаздардың жүлдесін салтанатты жағдайда табыстады.

Screenshot_12.jpg

— Бүгін Республикалық маңызға ие Шымкент қаласының көркейіп, абаттануына үлес қосып отырған азаматтардың басын қосып отырмыз. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан акцияның биыл ауқымы кеңейіп, үздіктер саны артып отыр. Бұған дейін қала бойынша 4-5 аталыммен ғана үздіктер анықталып келген. Биыл 5 номинация бойынша әр ауданның өз үздіктері анықталып отыр. Бұл қаланың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей азаматтарға алғысымыз шексіз, - деді  Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов.

«Таза қала» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып,  қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» аталымдарына сай жеңімпаздарды анықтаған.

— «Таза қала» акциясын ең алғаш рет 2007 жылы Шымкент қаласы облыс қарамағында кезде бастау алған. Содан бері байқау оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жыл өткен сайын акцияға қызығушылық танытып, белсенді атсалысатын тұрғындар қатары көбейіп келеді. Сондықтан биыл әр аталым бойынша 4 ауданның өз жеңімпазын анықтауды жөн көрдік. Сондай-ақ, бұған дейін жеңімпаздарға бағалы сыйлық берген болсақ, биыл қатысушылардың өтінішіне орай жүлдені қаржылай табыстап отырмыз. Акцияның жүлде қоры 4 миллион 300 мыңды құрайды. Әр ауданға 1 миллионнан бөліп, қалған қаражатты ұйымдастыру жұмыстарына бағыттадық, - дейді Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков. 

Айта кетейік, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды. 

«Шымкент келбеті»

Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ.

В Шымкенте проведено семинар-совещание с участием Д. Айтмуратова
Мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу