Шығыс стилі қайта жаңғырады

Oinet.kz 17-05-2019 25835

5cde6450ec68e.jpg

Тарихи жазбаларға сүйенсек ХV ғасырдан бастап Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болған. Археологтар осы  төңіректе ертеде шахристан, рабаттар, шағын сауда ошақтары орналасқанын анықтаған. Зерттеушілердің а      йтуы бойынша көне Түркістанның ғимараттары шығыстық үлгіде тұрғызылған.  Түрлі ою-өрнек, күмбез, мұнара қаланың басты ерекшелігі болған. Араға бірнеше ғасырлар салып көне шаһардың шығыстық стилі қайта жаңғырғалы жатыр.

Сала мамандардың айтуынша   алдағы уақытта Түркістан қаласында бой түзейтін ғимараттардың бәрі шығыстық үлгіде салынатын болады. Кесененің маңайы абаттандырылып көркейеді. Қазір кесененің маңайында жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы басталды. Тұңғыш Президент есімімен аталатын даңғыл, яғни жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы –осы өңірдің тарихи құндылығы ескеріле отырып, шығыстық үлгіде жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстарын «ВAZIS-A» компаниясы жүргізуде.

Жалпы көлемі – 12.9 гектар аумақты құрайтын алаң толығымен реконструкциядан өтеді. Оның ішінде жаяу жүргіншілермен траспортпен жүрушілерге арналған аллея, велосипедшілер мен электрлі машиналарға арналған жолдар, қарқынды көгалдандыру, субұрқақтар кешені, ауызсу бұрқақтары жасалатын болады. Мұның барлығы туристердің ерекше назарын аударатын болады дейді жауапты мамандар. 


 


Туристерге сандық жүйе арқылы қызмет көрсетілмек
Ұлыбритания Түркістанның дамуына ат салыспақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу