Еңбек Еріне құрмет

Oinet.kz 27-10-2022 466

49.jpg

Республика күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев танымал жазушы, драматург, ұлттық руханият жанашыры, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековті "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен наградтады. 

Дара жолы мен өзіндік орны бар бірегей қаламгер саналы ғұмырын қазақ әдебиеті және мәдениетін жетілдіруге арнаған. Тың тақырыптарға қаламын тартатын, дүниеге келген қайталанбас классика туындыларымен әлем деңгейінде таныла білген көрнекті тұлға.

Биыл өмірден көргені мен түйгені мол, парасаты мен пайымы кең тұлға 80 жасқа толды. 

Еңбегімен еленген Тұлғаға айрықша құрмет көрсетіліп, мемлекетіміздің ең жоғары марапаты берілді. 

Айта кетелік, өмірдерегіне қарағанда, Дулат Исабеков 1942 жылдың 20 желтоқсанында бұрынғы атауы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс ауданына қарасты болған "Ленин жолы" совхозында, қазіргі Сайрам ауданындағы Құтарыс ауылында туған. Аққойлы елді мекені сол уақытта шашыраңқы болған жағдайында жайлауларды біріктіруге өзінің үлесін қосқан болатын. Ал, қазір жазушының кіндік қаны тамған жер ордабасылықтарға қарайды. 

Қазақтың мақтанышына айналған тарлан драматург Сайрам және Ордабасы аудандары үшін бөліп жармайтын ортақ тумасы. 

Жазушы жастық шағы өткен жеріне атбасын бұрып келіп, ауылдас ағайындарымен бас қосты. 

Жайылған дастархан басында естелік әңгімелерден сөз қозғалып, өткенді еске алып, замандастарымен шүйіркелесті. 

Осы кездесуде Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков қазақтың бір туар азаматына сый-құрметін көрсетіп, дарынды драматург-жазушының жоғары дәрежелі марапатқа лайықты екенін атап өтті. Ақжолтай ақ тілегін жеткізіп, қазыналы қарттың иығыны жағалы шапанды жапты. 

Осындай мерейлі сәтте Д.Исабеков елде жүрген азаматтардың ықыласы пен пейіліне ризашылығын айтып, аудан әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


«Балалар жылындағы» игі іс
Сайрамда жәрмеңке өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу