Жарық тапшылығын шешу үшін...
Түркістан облысындағы электр қуатына деген тапшылықты шешу мақсатында маневрлік электр станциясын салу қажеттігі туындады. Аталған мәселені шешу бағытында Қазақстан Республикасы Президентінің 13.09.2021 жылғы №659 Жарлығымен Жалпы ұлттық жоспары бекітілді. Жоспарда көрсетілгендей, Төлеби ауданының аумағына қуаты 926,5 МВт бу-газ қондырғысының құрылысын бастау жөнінде шешім қабылданды. Оның алғашқы капсуласы орнатылып, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады деп жоспарлануда.
Аудан аумағын электр энергиясымен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек:
Ұлттық қор есебінен Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 99,5 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Республикалық бюджет есебінен Тағайна елді мекенінің 11 көшесіне электр жүйесі мен трансформатор орнатуға 120 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі.
Облыстық бюджет есебінен Кемеқалған ауылдық окургіндегі Қаратөбе елді мекенінің 3 көшесіне және Ленгір қаласы Қазығұрт мөлтек ауданына 10/0,4 кв электр жүйелері мен трансформатор орнатуға 20 млн теңге қаржы қарастырылды.
Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданы және Киелітас шекарасындағы жаңа массив көшелеріне трансформатор орнату мен электр жүйелерінің құрылысына 33,4 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ленгір қаласындағы «Алатау» ықшам ауданында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясын салу үшін алғашқы жұмыстарын бастауға 50,0 млн теңге қаралған, қазіргі таңда мердігер анықталуда. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.
«Оңтүстік Жарық Транзит» АҚ Төлеби аудандық бөлімінің инвестициялық бағдарламасы бойынша 7 елді мекендегі 29,9 шақырым электр желісі жаңартылуда. Сонымен қатар, 4 трансформатор: Ленгір қаласы, Бірінші Мамыр және Көксәйек елді мекендеріне орнатылуда.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі