Сабыр Рақымовты еске алуға арналған жарыс басталды

Oinet.kz 25-10-2022 468

18.jpg

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған және даңқты қолбасшының туғанына 120 жыл толуына орай еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXVI халықаралық жарыс басталды. Күрес додасына көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыстары және қалаларынан балуандар қатысуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы балуандарды және қонақтарды құттықтап, сәттілік тіледі. 

Олимпиада ойындарының көркін қыздыратын күрес түрлері бүгінде әлемде қарқынды дамуда. Осы орайда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл халықаралық дода жастардың шеберліктерін арттыруға үлкен серпін береді. 

Тартысқа толы бәсекеде ұлдар 11 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтаса, қыздар 10 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайды. Сайысқа жалпы 337 спортшы қатысуда. Халықаралық күрес бәсекесі 3 күн жалғасады. 

Жарысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.


Алматыға Түркістаннан керуен келді
Жастарға арналған тренинг өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу