Азия даму банкінің өкілдері Түркістанға келді
Түркістан облысына Азия даму банкінің өкілдері келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының трансұлттық дәлізінің әлеуетін пайдалану мәселелерін зерделеді. Осы мақсатта Түркістан облысындағы Сарыағаш, Мақтаарал, Келес аудандары мен аймақ экономикасының инвестициялық және көліктік-логистикалық әлеуетімен танысты.
Азия даму банкінің Қазақстандағы операциялары экономикалық әртараптандыруды, инклюзивті дамуды және орнықты өсуді қолдауға бағытталған.
АДБ сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына белсенді қатысуын қолдайды.
Айта кетейік, Азия даму банкінің өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуетін арнайы таныстыру сүйемелдеу жұмыстарын «Turkistan invest» инвестиция тарту және экспортты дамыту агентігі жүргізді.