«Мамандығым кітапханашы»

Oinet.kz 22-10-2022 333

1.jpg

 Биыл ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып кәсіби мерекелер қатарына қосылды. Осындай айтулы мерекеге орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Махаббатым кітап – мамандығым кітапханашы» атты іс-шара өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мерекелік шараға облыстық кітапханамен қатар, Кентау мен Түркістан қалалық, Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері қатысты. Елімізде биыл алғаш рет тойланып отырған бұл мереке осы мамандық иелеріне деген сый-құрметтің нышаны деуге болады.

Шара барысында кітапханашылар ән мен жырдан шашу шашып, гимн орындады. Сондай-ақ еңбегі ерен кітапханашылар облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасы басшысының және облыстық кітапхана директоры атынан алғыс хаттармен марапатталды. 


«Халық қатысатын бюджет» жобасы нәтижелі іске асырылуда
Халықаралық «VOICE OF TURAN» байқауы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу