Кәсіпорын ірі көлемде өнім өндіруге қауқарлы

Oinet.kz 28-07-2022 227

Screenshot_7.png

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков Қайнарбұлақ ауылдық округін аралау барысында Қасымбек Датқа ауылындағы «ТАН НҰР бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс барысымен танысты. 

Аталған серіктестік 2020 жылы өз жұмысын бастаған болатын.  Кәсіпорынды Азатов Сардор басқарады. Мұнан алдын қиыршық, құм-тас өңдейтін жер қойнауын пайдаланушы кәсібімен айналысып келген.  Жеке кәсіпкердің есебінен жобаны іске асыру үшін 500 миллион жуық қаржысы жұмсалған. Ағымдағы жылы Түрік елінен 150 миллион теңгеге қосымша құрал-жабдықтары сатып алынған.    

 Кәсіпорынның жер телімінің көлемі 6 гектарды құрайды. Кәсіпорында тауарлы бетон, бетон өнімдерін өндіреді. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 1000 текше бетон, 20 мың дана шлакоблок, 1500 дана жиектас, 500 шаршы метр жолаяқ плитка өнімдерін шығарады. 

 Республика аумағында жоғары сапалы, беріктілігі бар құйматастар. Қазақстан Республикасының ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингі  «BI GROUP», ірі құрылыс ұйымы және салушысы «Bazis-А» және өзге де бірнеше компаниялармен келісімшартпен жұмыс жүргізуде.  Келісімшарт жасайтын құрылыс компаниялары 80 млн. теңгеден бастап, 1 миллиард теңгеге дейін тапсырыс береді.  

Кәсіпорын 85 азамат жұмыспен қамтылған. Жұмысшыларды 3 мезгіл тамақтандыру мәселесі қаралған. Жүк тасығыш, араластырғыш және басқа да техникалары жеткілікті. Кәсіпорын инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. 

Облыс аумағында орын алған төтенше жағдай кезінде, ауданда жыл сайын өтетін қайырымдылық іс-шараларға белсене қатыса отырып, 5 миллион теңгеге дейін демеушілік көмектерін көрсетіп келеді. Аудан әкімі кәсіпкердің кәсібін қолдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Ағымдағы жылы ауданда бірнеше жекеменшік мектептердің құрылыстары бой көтеруде. Осы мектептерге 12 мыңнан аса бала қамтылатын болады.  

Солардың ішінде ауданда алғаш рет жаңа жобадағы жекеменшік мектеп-интернаты ашылғалы тұр. 

Серіктестіктің қабылдау шарттарына байланысты облыс аумағындағы балалар өтінішін білдіре отырып, емтихан сынақтарына қатысу мүмкіншілігі бар. Негізгі талаптардың ішінде балалардың пәндік білімдерінің жоғары нәтижесі көрсетілген жағдайда қабылданатын болады. 

Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек Датқа ауылының аумағынан «Білім-Инновация» лицей-интернаты жанынан «GREEN SCHOOL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мектеп-интернатының құрылысын жүргізуде. Сыйымдылығы 600 орындық. Жер көлемі 1,14 гектарды құрайды. Құрылыс жобасында оқыту бөлмелерінен бөлек, жатақхана және спорт кешенінің құрылыстары енген. Нысанда 100-ге жуық жұмысшы орны ашылмақ. Негізгі және жалпы орта білім беру қызметі көрсетілмек. Мектептің айналасын жасыл желекке айналдыру,  балаларды дамыта оқыту және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін үйірмелер ашу мәселелері қарастырылуда.  

 Аталған білім бері ұясын Сайрам ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз, ақын Тленшина Баян Керімқызы басқаратын болады.  Аудан әкімі аралау барысында ғимараттың құрылыс нысанымен және алдағы жоспарымен таныса отырып, өзінің оң пікірін білдірді. Нысанның ашылу уақыты ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. 

Көлкентте әкіммен кездесу өтті
Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу