Көлкентте әкіммен кездесу өтті

Oinet.kz 26-07-2022 237

Screenshot_6.png 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әкімдердің халықпен кездесуі туралы" Жарлығына сәйкес бүгін Сайрам  ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Көлкент ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.   

«Көлкент» көлінің аумағында өткен кездесуде аудан әкімі ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында ауыл тұрғындарының көтерген  мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

Мәліметке сәйкес, Ж.Қуандықов ауылдық округінде жеке меншікке өткен  жайылым жерлерді қайтару, сонымен қатар Теспе ауылына спорт алаңшасын салу мәселелерін көтерген болатын. 

 Бүгінгі таңда 200,0 гектар жер учаскесі ауыл тұрғындарының малын жаю үшін келісімшарт түзіліп, тұрғындарға ортақ жайылымға берілді. Келесі кезекте Теспе ауылындағы спорт алаңшасын салу үшін 14,9 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. 2023 жылдың аудандық бюджетіне ұсыныс берілгені түсіндірілді. 

 Акрамов Сунатулла Көлкент ауылын табиғи газға қосылу мерзімін нақтылап айтуды сұрады.  Аталған ауылға газ құбырын жүргізу үшін жалпы сомасы 2,4 млрд. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылға 110 миллион теңге, ағымдағы жылға 395 миллион теңге қаралған. Нысан  2022-2023 жылға өтпелі. 

 Ә.Көмекбаевтің  М.Оразалиев ауылындағы ауыз су және ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы жеткізген мәселесі назарға алынды.  Аталған нысанға мұнарасы, ұңғысы мен қажетті сусорғышты ауыстыруға аудандық бюджеттен 18 миллион қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Тұрғынның келесі сұранысы бойынша Құлатай, Жамбыл және Мәңгілік көшелерін жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 41,5 миллион қаржы қаралып, мердігер мекеме «Теміртас» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізілуде. 

 Кездесу барысында Ұласбек Сәдібекұлы: «Бүгін сіздермен өтіп жатқан кездесуімде ауылдың өзекті мәселелерін жеткізіп жатырсыздар.  Сөзге шыққан белсенділер мен тұрғындардың ой-пікірлері тыңдалды. Олардың ішінде қолдау білдіретін жақсы пікір де бар, назарға алынатын сын пікір де бар. Барлық сауалдарыңызға заң аясында тиісті жауаптары беріле отырып, алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін болады. Ауылдық округінің аумағында атқарылған жұмыстар аз емес. Мәселен, газ, жол мәселелері шешім тауып отыр. Елдің қамын жеп, елдің мәселесін ойлап жүрген белсенділер атқарған жұмыстарын таныстырды. Осының барлығы халықты біріктіруге жасалып отырған жұмыстар. Бүгінгідей ашық кездесу жалғасын таба береді. Ортадан кеңесіп, бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет», - деп айтты.  

 Жиында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын жүргізу, электр бағаналарын ауыстыру, ағын су және жайылым жермен қамту, жол жөндеу, жол кедергілерін орнату, тұрғын үй құрылысы үшін жер беру, амбулатория салу және жергілікті медицина мекемесінде емдеу ісіне қатысты сын пікір бойынша тексеру жүргізу, басқа да мәселелер көтерілді. 

 Жоғарыдағы мәселелерге аудан әкімі және сала басшылары жауап беріп, бақылауға алды. Келесі кездесу барысында аталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жергілікті тұрғындарға баяндалатыны жөнінде ескертілді. 

Агроқұрылымдар күзде мол өнімге қол жеткізбек
Кәсіпорын ірі көлемде өнім өндіруге қауқарлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу