Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды
Жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы” жарлыққа қол қойған болатын. Құжатта “Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін” деп жазылған. Жарлық бойынша,аудан әкімі “әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу” өткізуі тиіс. Кездесумен қатар азаматтарды жеке қабылдауы керек.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданының әкімі Қарасу ауылдық округінің тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Кездесу барысында Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би ауылының тұрғыны Ж.Камалов жалға алған тұрғын үйінің апатты жағдайда болуына байланысты тұрғын үй көмегін сұрады. Сұраққа сәйкес, аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санаты бойынша зейнеткер ретінде 23.12.2016 жылдан бастап, бүгінгі таңда № 231 санды кезегінде тіркелген. Аудандық коммуналдық меншігінде бос тұрған тұрғын үйлер болмауына байланысты аудандағы мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіншілік болмай отырғаны түсіндірілді.
Келесі кезекте жалға алып отырған Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылы, Ш.Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үй басқа азаматшаның атында тіркелген. Аталған тұрғын үйдің апатты жағдайын тексеру тұрғын үй иесінің келісімімен немесе заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда тұрғын үй иесі атынан жағдайын тексеруге өтініш түспегендігіне байланысты, апатты жағдайын тексеруге негіз жоқ екендігі тұрғынның назарына жеткізілді.
Қабылдаудың келесі кезегінде Ақбастау ауылының тұрғындары Н.Алдабергенова және О.Керімқұлов болды. Тұрғындар жерге қатысты сот отырысында қаралып, қабылданған шешімдерді таныстырды.
Қарасу ауылындағы жылжымайтын мүлік (тұрғын үй жер учаскесімен), яғни тиісті жер телімі 2012 жылы сату-сатып алу келісім шартының негізінде О.Керимкуловтің иелігіне өткен.
Сонымен қатар, О.Керімқұловқа Ақбастау ауылы, Табиров көшесі, №65 «А» үй маңындағы жолды ашып беру міндеттелген.
Бірінші сатыдағы сот отырысында тұрғын жер телімін заңсыз рәсімдеп алғанын, тұрғынның атына берілген жер телімі халықтың ортақ пайдаланыстағы жолға түскенін негізге алған.
2022 жылы аудандық сот орнына жазған өтінішінде Қарасу ауылдық округі, Ақбастау ауылы, Табиров көшесі, №65 А бойындағы пайдалануындағы тұрғын үй орналасқан және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жалпы көлемі 0,1362 гектар жер учаскесін аудандық мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімінің және аудандық сотының азаматтық ісі бойынша қабылдаған ұйғарымының негізінде беруді сұранған болатын.
Соттың ұйғарымына сай, іс бойынша сол тараптар арасындағы дау, сол нысаны туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігі, негізге алынған.
Осыған байланысты, тұрғылықты жерінде отбасындағы балаларының қауіпсіздігі үшін Қарасу ауылдық округінің әкімшілігінің тұрғынның үй маңындағы жолды ашу мәселесін тоқтатуды, сонымен бірге жерге қатысты даулы мәселенің шешімін табуға тиісті көмек көрсетуді сұранды.
Аталған мәселені заң аясында зерделеу жүргізіліп, тиісті жауабы берілетіндігі түсіндірілді.