Күрежолдар жөнделуде

Oinet.kz 21-07-2022 272

Screenshot_4.png

Республика тұрғындарының ең негізгі проблемаларын шешу мақсатында елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба әзірленген. Жобаның мақсаты - базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру. Бұл үшін өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасында белгіленген бағыттар аталған ұлттық жоба аясына топтастырылған.

Аталмыш жоба Сайрам ауданында сәтті жүзеге асырылып, жемісін беруде. Айталық жоба аясында Ақбұлақ ауылында аудандық маңызы бар КХ-42, КХ-3 Ақбұлақ, КХ-83 Өтеміс автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Бүгін  аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбұлақ ауылындағы жол құрылысының жұмыстарының барысымен танысты. Аралау барысында тиісті бөлім басшысы Б.Бейсембаев жол құрысының кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыстарының барысын түсіндірді. 

Құрылысын жүргізіп отырған мердігер «Шымкентдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тапсырыс беруші - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.  Жолдың құрылысына облыстық бюджет есебінен 421 млн 736 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Құрылыс нысанына 16 адам жұмыспен қамтылған. Қажетті техникалары жеткілікті. Жол құрылысы 2021 жылдың желтоқсан айында басталған. Аталған нысанды 2023 жылдың желтоқсан айына тапсыру жоспарлануда. 

Аудан әкімі жол құрылысының сапасына назар аударып, бақылауға алудың қажеттілігін ескертті. 

Ақбұлақта мектеп салынып жатыр
Агроқұрылымдар күзде мол өнімге қол жеткізбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу