Ақбұлақта мектеп салынып жатыр

Oinet.kz 21-07-2022 215

Screenshot_3.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп тапшылығын жою мақсатында республика көлемінде 1000 мектеп салу керектігін айтқан болатын. «Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін», деді өз тапсырмасында Мемлекет басшысы. Президент мектеп құрылысына мемлекеттік бюджетпен бірге, жеке секторды да тарту туралы айтты. Сонымен қатар толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көшу керек екенін атап өтті. 

Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша елімізде көш басында. Жыл сайын жаңа мектептерге қажеттілік туындауда. Президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы бюджет есебінен 78 мектептің құрылысы жүргізіліп, 44 мектептің құрылысы аяқталған болатын. Ал жеке инвестиция есебінен 37 мектеп салынды. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып жатыр. Осы себептен халық тығыз қоныстанған Сайрам ауданында мектеп тапшылығы проблемасы оңынан шешілуде. 

Айталық қазіргі таңда Ақбұлақ ауылдық округінде "Кәусар бұлақ" орта мектебінің құрылысы жүруде.  Жақында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жаңа типтік үлгіде мектеп ғимаратының құрылысы жұмыстарымен танысып қайтқан болатын.     

 Мектептің құрылтайшысы Рахымбаев Төлеген Кенжебайұлы. Мектептің құрылысын салу үшін 2,4 га көлемде жер қарастырылған. Ғимаратты салу үшін бүгінгі таңда жеріне қазу жұмыстары басталды.      

Жеке кәсіпкер өз есебінен мектептің құрылысына 1 миллиард 352 миллион 620 мыңнан аса қаржы қарастырып отыр.      Құрылыс нысанына қажетті техникалар мен жұмысшылар қамтылған.  Мектептің құрылысы аяқталып, 2022 жылдың желтоқсан айында іске қосылуы жоспарлануда. Сыйымдылығы 600 орындыққа арналған. Мектеп балалары қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын болады.      

 Аралау барысында ауданда Қарабұлақ ауылында ашылған, Манкент және Ақсукент ауылдық округтерінде салынып жатқан жеке кәсіпкер Н.Сулаймановтың жеке меншік мектептері құрылыстарының сапасын айтып, осы үлгідегі ғимараттарды ауылдық округтерінде салуды ұсынды. 

  Жеке кәсіпкер аудан әкіміне балаларға қажетті жағдай жасалатыны, сонымен қатар құрылыс нормаларына сәйкес жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді. 

Алақандай жерден мол өнім алып отыр
Күрежолдар жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу