Келестік 500-ден астам отбасына үйіргелік жер беріледі

Oinet.kz 05-08-2022 321

Screenshot_25.jpg

Түркістан облысы, Келес ауданында 11 мыңнан астам азамат жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында жер кезегіне тіркелген. Осы мәселені шешу мақсатында биыл аудан орталығы Абай ауылында 500-ден астам отбасына үйіргерлік жер телімдері беріледі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы мәлімдеді.

Сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі Жол карта аясында іске асырылылғалы жатқан жұмыстың барысымен аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ақмеңтай Есбаев танысты. 

Қазіргі таңда аудан орталығындағы 96 гектар аумақта электр желілері мен бағаналары орнатылып, қажетті инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде. А.Есбаев жұмысты жүргізуші мамандарға атқарылатын жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды. Аумаққа баратын жолды реттеу бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеп, жер телімдерін тұрғындарға жыл соңына дейін үлестіру керектігін ескертті. 

Сондай-ақ ол аудандық мәслихат депутаты, “Келес-Абай” қайырымдылық қорының жетекшісі Диас Абдиевтің аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қор есебінен тұрғын үй салу сұранысын қанағаттандырды. Қор жетекшісіне Абай ауылының батыс тарапынан бос жер телімі берілетін болды. Айта кетейік, Келес-Абай қайырымдылық қоры былтырғы жылы 2 мұқтаж отбасыға жаңа баспана салып, кілтін табыстаған болатын. 

Жалпы аудан бойынша учаскелік жер кезегінде тұрғандар саны - 11596 азаматты құрайды. Ал Абай ауылында учаскелік жер кезегіне тіркелгендер саны - 4056.

Көпбалалы аналар баспана алуға арналған бағдарламалармен танысты
Түркістан облысында «медиация күніне» орай ашық есік күні өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу