Шалғайдағы ауыл халқына жаңа жоба таныстырылды

Oinet.kz 14-08-2022 254

Screenshot_5.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталғанын айтты. Президенттің пікірінше, «Аmаnаt» осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысып келеді. Сонымен қатар партияның қолға алынған реформаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға қосып жатқан үлесіне тоқталды.

 – «Аmаnаt» әлеуметтік әділдік қағидатын орнықтыруға әрдайым баса мән береді. Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ, оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Нақты нәтиже бар, өзгерістерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Осы қарқынды бәсеңдетпей, жұмысты одан әрі жалғастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Созақ ауданында 10 ауылдық округ, 33 ауыл бар. Халықтың басым бөлігі мал шаруашылығын кәсіп етіп, тіршілік жасайды. «AMANAT» партиясының жаңа бағдарламасы агробизнесті қолдауға бағытталған. «Ауыл аманаты» жобасы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырылуда. Тың бастаманы таныстыру мақсатында мобильді топ Шолаққорған және Сызған ауылдарына арнайы барды. 

- Жалпы халық жақсы түсінуде. Жобаның ауыл азаматтарына қаншалықты тиімді екенін жеткізудеміз. Жеңілдетілген несие алып, кәсібін жүргізуге көмек ретінде іске асырылып отыр. Жоба аясында жұмыссыздық деңгейі төмендейді деген пікірдемін. Жұмысшы топпен алдын ала ел аралауымыз тұрғындар рәсімдейтін құжаттарын дайындауға ертерек қамданса деген мақсатымыз бар. Мәселен, несие тарихы немесе жылжымайтын мүлік құжаттарын реттеу арқылы несиеге кедергісіз қол жеткізіп, уақыт үнемейді, - деді жоба сарапшыларының бірі Айман Ақынбекова.

Сондай-ақ ақпараттық жұмыс барысында Жамбыл облысының тәжірибесі, пилоттық жобаның нәтижесі жайлы толық мәліметтермен бөлісті. Жиында азаматтар кепілдік ережелері, несиедегі демалыс аралығын ұзарту, кәсіп түрін таңдау жайында бірқатар сұрақтарға жауап алды. Солардың бірі, Сызған ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Абай Сәдібекұлы.

- Партия ұйымдастырған кездесуде кәсіпкерлік туралы мағлұматтар алдым. Несие алудың тиімді тәсілдерін есептеп, түсіндіріп берді. Мал шаруашылығынан бөлек, жеңіл өнеркәсіпке, жалпы бизнес ашамын деген азаматтарға қолдау бар екен. Менің сұрағым қаладағы кәсібіме байланысты болды. Жастардың көбі кәсіпті қалада жүргізіп, дамытсам дейді. Осы жоба аясында ауылда емес, қалада кеңейтуге мүмкіндік қарастыруын ұсындым. Бірақ бұл жобаның негізгі мақсаты - ауылды көркейту және тұрғындардың жағдайын жақсарту екенін түсіндім. Дегенмен ұсыныс-пікірімді қабылдады, - деді ол.

Ақпараттық марафон Түркістан облысында 11 тамыз күні басталды. Бүгінге дейін жұмысшы топ 6 аудан және қала, 12 ауылды аралап үлгерді. Бұл жұмыстар өңірде 19 тамызға дейін жалғасады.

Жастар тарапы «Ауыл аманаты» жобасына ұсыныс енгізуді сұрады
Түркістан облысында ауыл тұрғындарының жағдайы жақсарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу