Ауыл әкімдері жаңа жобаны іске асыруға атсалысады

Oinet.kz 18-08-2022 836

Screenshot_16.jpg

Түркістан облысында кезекті насихат жұмыстары Сарыағаш ауданында жүргізіліп, Құркелес және Дарбаза ауылдарында «Ауыл аманаты» партиялық жобасы таныстырылды. Кездесулер барысында азаматтар несие алуда көп кездесетін кедергілерді атап, аталған бағдарламамен айырмашылығына тоқталуды сұрады. Жоба сарапшылары кепіл мәселесі қозғалғанда тек жылжымайтын мүлік қабылданатынын айтты. Өтінім саны ауылдарға жүргізілетін талдауға сәйкес қаралатыны да мәлімделді. Атап өткен жөн, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа қабілетті болған жағдайда ғана жобаға қатыса алады. Сондай-ақ кәсіп түрін таңдау, мал және егін шаруашылығына көрсетілетін қолдаулар, мақсатты бақылауды жүргізуші жауаптылар, құжат тапсыру реті, лизинг алу шарттары және тағы да басқа талқыға түскен сұрақтар мен ұсыныстарға жоба сарапшылары егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Жиын соңында жеке консультациялар алып, бағдарламаның мақсатын оң бағалады. 

«Ауыл аманаты» партиялық жобасын жүзеге асыруда ауыл әкімдерінің рөлі маңызды әрі халықтың сұранысын жеткізуге тікелей жауапты. Осы себепті ақпараттық марафонға дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы республика бойынша ауыл әкімдеріне семинар-кеңес өткізген болатын. Оған Түркістан облысы бойынша 181 ауыл және ауылдық округ әкімдері қатысып, біліктілігін арттырды. Осылайша әр ауыл әкімі жобаның тиісті деңгейде орындалуына жұмыс жасайды.

- Маусым-шілде айларында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында елдің бүкіл ауыл әкімдерін маркетингтік оқыту болды. Онда ауылдарда скрининг жасау, әрбір жанұяны талдау, перспективасы бар экономикалық бағыттарды анықтау, ауылды мамандандыру, ұтымды бизнес-жобалар жасауды меңгердік. Жобаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарын табысқа, әл-ауқатын жақсартуға көмек көрсету. Бүгінгі кездесулерде толық мәліметтер берілді. Қазақстанда 2,5 пайыздық несие алу мүмкіншілігі бұрын-соңды болмаған. Бүгінгі таңда өзім Қызылжар ауылының тұрғындарына ақпарттандыруды бастап кеттім. Біздің ауыл бойынша мал бордақылау және жылыжай мәселесін қолға алып жатырмыз. Мұны естіген көп азаматтарымыз, әсіресе жас отбасылар кіріскелі отыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасының болашағы өте үлкен деп есептеймін- дейді Қызылжар ауылының әкімі Әбдіжаппар Рахымбердиев. 

Қоғамдық кеңестің жиынында ауыл мектептерінің білім сапасы талқыланды
Жастар тарапы «Ауыл аманаты» жобасына ұсыныс енгізуді сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу