Тәлім жерді игергендер көп

Oinet.kz 04-08-2022 269

Screenshot_20.png

Ордабасылық шаруалар бір жерден екі өнім алуды жақсы қолға алып отыр. Осы бағытқа межеленген жоспар биыл 100 пайыздан асып отыр. Аудандағы бір ғана Бадам ауыл округінде биыл 35 гектар жерден  екінші өнім  алынайын деп тұр. Бірінші өнім толығымен жиналып сол жерге қайта дән себілген. Шаруалардың көбі алғашқы өнімге қарбыз екіншіге жүгері дақылын егіп отыр. Солардың бірі «Жақсылық» шаруа қожалығы.

Ордабасы бойынша 350 гектар жерден екі өнім алу жоспарланған. Биыл 363 гектар жер тиімді пайдаланылып жоспар 100 пайыздан асып отыр. Тиімді жобаны қолға алған шаруаларға мемлекеттен жәрдем бар. Әсіресе көктемнің көк өзегінде жанармай жеңілдікпен беріледі.

Тиімді жобаны әсіресе Арыс өзенінің бойын жағалаған шаруалар көптеп жүзеге асырып отыр. Себебі қай кездеде алқапқа су жеткізу оңай. Солардың бірі Хайрулла Әбдіразақов. Ол биылқы шөп бағасы төмен болғандықтан алғашқы орымнан кейін жоңышқасын бұзып көкөніс еккен.

Шұбар ауыл округінде 75 гектардан екі өнім алу жоспарланған. Бұл аудан бойынша осы мақсаттағы жердің 21 пайызы. Округтегі жер инспекторының айтуынша жоспар ойдағыдай жүзеге асқан.

Ордабасы ауданында жылдан жылға жерден несібе айыруға қызығушылар қатары артып келеді. Сондықтан суармалы жердің әр гектарын тиімді пайдалану қажеттілігі туындауда. Одан бөлек тәлім жерді игеру қарқын алған. Жаңа технологияларды ендіру арқылы тың жерде  игерілуде. 

Биылғы ауа райы шаруаларға қолайлы болды. Шіліңгір шілдедегі су тапшылығы ғана кейбір шаруашылықтарды шатқаяқтатып тастаты. Жалпы аудан бойынша биыл 68900  гектар жер игерілген.  23 538 гектар  бидай,  1600 гектар арпа,  7100  гектар мақта, 2690 көкөніс пен  1700 бақша, 524 картоп   егілген.

Сонымен қатар ордабасылық шаруалар барынша ағын суды үнемдеуге көшіп отыр. Бір ғана Қажымұқан ауыл округінде 21 гектар тәлім жерден тамшылатып суғару арқылы өнім алып отыр. Тамшылатып суғарудің тиімділігіне көз жеткізгендердің  бірі «Әділет» шаруа қожалығы. Дихандар ауыл іргесіндегі су бармайтын тәлім жерді игеріп қарбыз егіп жемісін көріп отыр. Одан бөлек қияр қызанақтың алғашқы өнімін алып үлгерген. Наурыз айында қондырылған алғашқы көшет маусым айында толық жиналған. Ал қазір бір жерден екінші өнімді алуға кірісіп кеткен.Осылайша шаруа үш гектар жерді тиімді пайдаланып отыр.

Қажымұқан ауыл округінде 602 шаруа қожалығы бар. Оның  48 заңды тұлға.Шаруалардың басым  көпшілігі мал азығы өсіреді. Жоңышқа, жүгері мен дәнді дақылдар.

Жылдан жылға Түркістан облысында ағын су тапшылығы сезілуде. Әсіресе шілде айында алқапқа су жеткізу қияметтің қайымы. Облыс әкімінің өзі суды үнемдеу керектігін аймақ басшыларына қатаң ескертіп отыр. Тамшылатып, жаңбырлатып суғару әдісін қолға алу керектігін тапсырған болатын. Тапсырма аясында облыс шарулалары жаңа технологияларды өндіріске ендіруде. 

Ордабасы ауданында тәлім жерді игеру жақсы жолға қойылған. Жыл сайын шаруалармен тың аймақ игеріліп жеміс ағаштары мен дәнді дақылдар жаңа технологиямен игерілуде. Солардың бірі «Мырзабек» шаруа қожалығы. Қожалықтың еншісінде 40 гектар тәлім жер бар. Осы алқапты шаруалар 4 жылдан бері игеріп келеді. Қожалық төрағасының айтуынша жаңа жоба табыстың көзі. Тамшылатып суғару арқылы қырда  кез келген жеміс түрін өсіруге болады.   Алқаптан құдық қазып өнімін тамшылатып суғарып отыр.

Мұрат Тәжібаев биыл 22 гектарға  жүгері 5 гектар жерге пияз егіп отыр. Пиязы артуға дайын. Жүгерісіде жайқалып тұр. Бірақ биылғы жылдың шіліңгір шілдесі су тапшылығын байқатты. Қолдан қазған құдықтың  алқапты толық сумен қамтуға  күші жетпей тұр.

Жеміс өсіріп өнімін саудалайтын шаруаларға биыл кедергі көп. Әсіресе пиязды Ресейге шығаруға жол жабық. Дәл осы пияздың өтуіне кеден жабық.Десекте бағасы төмен болсада өнім ішкі нарықта саудаланады. Қалай болсада  диханның байлығы далада қалмайды.

Халық үніне құлақ асып жүр
Ақбұлақта ауыз су мәселесі шешімін табады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу