Ақбұлақта ауыз су мәселесі шешімін табады

Oinet.kz 05-08-2022 301

Screenshot_21.png

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Президенттің "Әкімдердің халықпен кездесуі" туралы Жарлығына сәйкес Бадам ауылдық округіне қарасты Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ортақ жайылым, ауыз су, білім беру мекемелерінің мәселесі көтерілді.  Аудан басшысы “Болашақ” негізгі орта мектебінің қазіргі жай-күйімен танысып, 9 жылдық білім беру мекемесіне жаңа ғимарат тұрғызу үшін салалық басқармаға ұсыныс берілгендігін айтып өтті. 

Ал, жайылым мәселесі бойынша Нұрбек Бақтыбайұлы арнайы саралау жүргізіп, алдағы уақытта жобалық карта әзірлейтіндігін жеткізді.

Кезекті іс-сапар барысында аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам ауылдық округіне қарасты Ордабасы ауылына барып, ұзақ жылдардан бері шешімін таппаған ауыз су мәселесімен танысты. 

Сапар барысында Нұрбек Бақтыбайұлы тәулігіне таңғы, кешкі уақыттарда екі сағаттан ғана ауыз су берілетінін, тіпті жаңадан салынған мектепке әлі ауыз су жүйесі тартылмағандығын ашына айтқан ауыл тұрғындарының уәжін тыңдады. 

Кездесу соңында аудан басшысы шалғай ауылдағы ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы құрылыс жобасы әзірленіп, қаржысы шешілген жағдайда жыл көлемінде су жүйелерін тарту жұмыстары басталатындығын айтып өтті.

Атап өтерлігі аудан әкімі сапар барысында “Ордабасы” ұлттық мәдени-тарихи қорығына барды. Онда Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан құрылысы жүріп жатқан “Сапар орталығының” жұмысымен танысты.  Ордабасы тауының басындағы тарихи орындарды аралап, құрылысы тоқтап қалған үш төбе бидің ескерткішінің бүгінгі жай-күйіне қанықты. 

Аудан әкімі Ордабасы тауының ұлт тарихындағы маңызына тоқталып, Түркістан өлкесі, оның ішінде Ордабасы тауы келесі Ұлттық құрылтайды өткізуге оңтайлы орын екендігіне тоқталды.  Тарихи туризмді дамыту үшін Ордабасы төрін абаттандыру, құрылысы тоқтап тұран жобаларды  қайта жандандыруды тапсырды.

Ал қарабастаулықтармен кездесу барысында аудан басшысы  ауыз су жүйесі, электр жарығы мәселесі бойынша тиісті мекеме жауаптыларына тапсырма беріп, ескі электр бағаналарын жыл соңына дейін ауыстыруды тапсырды. 

Ауыл белсенділері біраз жылдан көтеріп келе жатқан  Шымкент дистанция Игілік - Бадам 3259 км поезд өткелінің қараусыз қалмауы жөнінде ауыл белсенділерінің өтініші бойынша Нұрбек Бақтыбайұлы ҚТЖ басшылғына хабарласып, мәселенің оңды шешім табуына ықпал ететіндігін айтып өтті.

Тәлім жерді игергендер көп
Қоғамдық кеңестің жиынында ауыл мектептерінің білім сапасы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу