Елдің электр знергиясын арттыратын жоба!

Oinet.kz 29-07-2022 198

касулашукеев.jpg

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары негізінде Төлеби ауданында Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласын салу рәсімі өтті.

Рәсімге Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы қатысып, аталған жобаның мақсатын түсіндіріп өтті. Кездесуге қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев жоба жүзеге асқан жағдайда тек Түркістан өңірінде ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасында электр энергиясының сапасын арттыруға мүмкіндік туатынын әңгімеледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында Оңтүстік аймақта 1000 МВт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу қажеттігін айтқан болатын. Міне, бүгін Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында өңірімізде маңызды жобаны жүзеге асыру үшін қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысының іргетасын қалағалы тұрмыз, – деді облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы жобаның мақсатын түсіндіре келе.

касулашукеев1.jpg

Жобаны іске асырудың болжамды құны – 722,8 млрд. теңгені құраса, құрылыс жұмыстары 2024-2026 жылдары аралығында жүргізіледі деп жоспарлануда. Облыс аумағындағы ірі жоба жүзеге асса, құрылыс жүргізу кезінде 2000-2500, пайдалану кезінде 200-250 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жаңа электр орталығы өңірдегі энергия тапшылығын жойып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті дамытуға оң серпін берері сөзсіз.


Дихандар әр гектардан 20-25 центнер өнім алмақшы
Төлеби ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу