Жеке қабылдаудағы мәселелер бақылауға алынды

Oinet.kz 03-08-2022 348

кабылдау02.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барлық деңгейдегі әкімдерге әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, келелі кеңестер өткізіп, халық игілігіне қызмет етуді тапсырып, бұл міндетті арнайы Жарлығымен бекітті. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініш-талаптарын тыңдау мақсатында қоғамдық қабылдаулар, жеке қабылдаулар өтікізіп тұру да міндеттелген. Бұл бағытта ел Президентінің Жарлығына сәйкес Түркістан облысында барлық деңгейдегі әкімдер әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесулер өткізіп келеді. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың ел аралап, тұрғындарға ауданда атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, халықтың сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін тыңдауы соның бір ғана айғағы болса керек.

– Бүгін Төлеби ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап бердім. Жеке қабылдауға 5 тұрғын қатысып, ауыз су, жайылымдық жер, тұрғын үй, мәселелерін көтеріп, жеке кәсібін ашу мақсатында сала мамандарынан кеңес сұрады. Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны ауылдағы бұлақ басын тазалау арқылы округтегі ауыз су мәселесін шешу жолдарын айтып, осы саланың маманы ретінде өз ұсыныстарын жеткізді. Аталған мәселені зерделеу қажеттігін ескертіп, сала басшысына тапсырма беріп, тазалауды қажет ететін бұлақтың жай-күйімен танысу мақсатында арнайы іс-сапармен баратынымызды жеткіздім, – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртаев.

Әлеуметтік желіліерде белсенді әкім әр аптаның сейсенбі күндерін тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ұсыныс-пікірлерін назарға алу мақсатында тұрақты түрде жеке қабылдаулар жүргізіп тұрады. Бұл жолы әкімнің жеке қабылдауына келгендердің бірі – Алатау ауылдық округінің тұрғыны 4 баласын жалғыз өзі бағып-қағып, өсіріп отырғанын, өзінің тұрақты жұмысы жоқ екенін, қазіргі кезде отбасының жалғыз асыраушысы ретінде жұмыс тауып не болмаса жеке кәсіп ашуды көздеп отырғанын айтып, көмек сұрады. Төлеген Тұртайұлы жалғыз басты анаға жеке кәсібін ашу үшін мемлекеттен берілетін көмек, жеңілдетілген несиелер, қайтарымсыз гранттар бойынша түсіндіріп айтты. Ал, мемлекеттен берілетін көмек түрін рәсімдеуге жалғыз басты ананың құжаттарын дайындауға көмек беруді сала басшыларына тапсырды.

Көксәйек ауылдық округ тұрғыны еліміз тәуелсіздік алған жылдары ыдыраған колхоздан үлестік пай ала алмағанын айтып, округтегі жайылымдық жерлерге қатысты сұрақтарын қойды. Оған әкім бүгінгі күні заң аясында мемлекет тарапынан ыдыраған колхоздардан пай үлесін алып беруге ешқандай мүмкіндік жоқ екенін айтып, ауылдағы өз мақсатында пайдаланылмаған жерлерді ортақ жайылымдық жер ретінде қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қазақстан елді мекенінің тұрғыны өзінің бірінші топ мүгедегі екенін, тұрғын үй кезегіне тұруға заң аясындағы талаптарды сұрап, қандай құжаттарды қай бөлімге өткізу қажеттігі жөнінде кеңес сұрады. Оған әкім тұрғын үй кезегіне тұру үшін Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы немесе ЭЦҚ арқылы үйде отырып онлайн тапсыруға болатынын айтты. Құжаттар кезектің санатына, азаматтардың тұрмыс жағдайына қатысты жинақталатынын егжей-иегжейлі түсіндірді.

Ал, аудан оралығы Ленгір қаласының тұрғыны 2013 жылы жас отбасы ретінде кезекке тұрғанын, бүгінде көпбалала ана болғанын, 2020 жылы санатын өзгерткенін айтып, пәтер кезегі бойынша сұрақтар қойды. Аудан әкімі көпбалалы анаға мемлекет тарапынан тұрғын үй кезегінде тұрған жас отбасыларға пәтер ақысын субсидиялау көмегі бар екенін айтып, оны алу жолдарын түсіндірді.


Әкім тұрғындармен кездесіп жеке қабылдау өткізді
Инфрақұрылым жүйелері заман талаптарына сай жаңаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу