Әкім тұрғындармен кездесіп жеке қабылдау өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздегі барлық деңгейдегі әкімдерге әр тоқсан сайын тұрғындармен есепті кездесулер, келелі кеңестер өткізіп, халық игілігіне қызмет етуді бекітті. Сонымен қатар, тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ асу, түрлі мәлелелердің алдын алу мақсатында қоғамдық жеке қабылдаулар өтікізіп тұру да міндеттелген.
Президент Жарлығына сәйкес Түркістан облысында барлық деңгейдегі әкімдер әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде жалғастырып келеді. Сондай кездесудің бірі Төлеби ауданының Алатау ауылдық округінде өтті.
Кездесуде Төлеби ауданынынң әкімі Төлеген Тұртаев «Ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткішінің» жарты жылдық қорытындысы мен алғашқы кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын таныстырды. Бұған дейінгі алғашқы басқосуда Алатау ауылдық округының тұрғындар 16 мәселе көтерген болатын, оның басым бөлігі инженерлік-коммуникация саласына байланысты болды. Бүгінде округтің инфрақұрылымдық жүйесін ретке келтіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтар болсақ, Алатау ауылдық округі Қайнар елді мекенінің Дінмұхамед Қонаев, Шәмші Қалдаяқов, Сәкен Сейфуллин, Нұрлысай, Самал көшелеріне 64 бағана, 1 трансформатор, 3,8 шақырым электр желілерін мердігер «ПМК -7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Жыл соңына дейін елді мекеннің қалған бөлігіне электр жүйесін тарту ісі жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ал, Екпінді елді мекенінің жолына жол кедергілер орнату ісі жөнінде Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хат жолданып, жол кедергілері орнату жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ, аталған елді мекендегі жол және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытында бейнебақылау орнату қажеттілігіне орай, қаржыландыруға ұсынылды. Қорған елді мекенінің жолының шұңқырларын толтыру жұмыстары қыркүйек айында жүргізіледі. Шұбарағаш елді мекеніндегі көпір арқылы өтетін көліктердің жүру қарқындылығына, құрылыс материалдарының жарамдылығына қатысты зерделеу жұмыстары жүргізілуде, егер оны жөндеу қажеттігі анықталса, жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылады. Қайнар елді мекенінің орталық көшесіне түнгі жарық қойылған, ал ішкі көшелерге 2023-2023 жылдар аралығында орнату жоспарлануда.
Қорған елді мекеніндегі генерал Сабыр Рахымов көшесіне 180 бағана, 3 трансформатор, 4 шақырым электр желілері мердігер «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, қалған жұмыс жыл соңына аяқталады деп мекеме өз тарапынан кепілдік беруде. «Жарық жол» мекемесі теңгеріміндегі «Алатау-Шұбарағаш» жолдарының 2,7 шақырымын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы елді мекендегі Бейімбет Майлин көшесіне жалпы 44 бағана, 1 трансформатор, 1,6 шақырым электр желілері тартылып, жұмыстың қалған бөлігі жыл соңына дейін жүргізіледі.
Жаңатұрмыс елді мекеніндегі 1,4 шақырымды құрайтын П.Нұранқұлов көшесіне мердігер мекеме «Базис К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орта жөндеу жұмыстарын жүргізген. Құрылыс жұмыстарында кемшіліктер орын алған жағдайда мердігер 3 жылдық кепілдік мерзімі аясында өз есебінен қайта қалпына келтіреді. Аудан әкімдігі тарапынан елді мекен көшелерін кезең-кезеңімен орта жөндеуден өткізу бағытында елді мекендердің орналасуы, халық саны, көліктердің жүру қарқындылығына қарай 2022-2024 жылдарға арналған концепция бекітілген. Аталған концепцияға сәйкес, Шатыртөбе елді мекенінің Тамшылы көшесіне орта жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. Екпінді елді мекеніндегі Нұрсай-1, Нұрсай-2, Б.Саттарханов, Шалқар, Ақтоғай, Таразы көшелеріне 4 шақырым 900 метр электр желілері жаңартылып, 3 трансформатор орнатылды, қалған жұмыс жыл соңына дейін жалғасын табады.
Кездесу барысында Алатау ауылдық округ халқы мәдени іс-шара өткізу үшін Мәдениет үйі қажеттігін, ішкі көшелерге түнгі жарық шамдарын орнатуды, көлік жылдамдығын тежеп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол кедергілерін қоюды, Қайнар жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратына баратын жолды асфальттауды, әлеуметтік маңызы бар нысандар алдына жол кедергілерін орнатуды, елді мекен аумағында орналасқан демалыс аймақтарын тәртіпке шақыруды, құрылысы аяқталмай қалған нысанларда жұмыс қай кезде жалғасын табатыны жөнінде сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртаев округ тұрғындарының толғандырған өзекті сауалдарына жауап беріп, қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы жан-жақты, егжей тегжейлі түсіндіріп берді.
Алатау ауылдық округінде өткен кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауда округ аумағындағы демалыс аймағы бұлақ басын қоршап алғанына шағымданып, аумақтағы басты жол бойына көлік жылдамдығын азайтуға қатысты кедергілер, жол белгілерін орнатуды өтінді. Сондай-ақ, пайдалануға берілмеген Қайнар мектебінің қосымша ғимаратының құрылыс сапасына сын айтып, округке қарсты тау бөктеріндегі егістік жердің мақсатын өзгертіп, оны ортақ жайылымдық жер етіп өзгертуді ұсынды. Бұған қоса, ветеринар мамандарының жұмысын дұрыс жолға қою үшін олардың ғимараттарын жөндеуден өткізіп, еңбек жағдайын жақсарту қажеттігі сөз болды.
– Қабылдауға келген әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырдым. Сондай-ақ, тұрғындардың көтерген мәселелерін өз бақылауымда ұстайтындығымды айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар бердім, – дейді Төлеген Тұртайұлы.