Қоғалы тұрғындарының талап-тілектері аяқсыз қалмайды

Oinet.kz 25-07-2022 257

когалыкездесу.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жосарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Түркістан облысында барлық деңгейдегі әкімдер әр тоқсан сайын тұрғындармен кездесулер өткізіп келеді. Сондай келелі кездесудың бірі Төлеби ауданының Қоғалы ауылында өтті. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев кездесу кезінде тұрғындарға Қоғалы ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, халықтың сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады. Бұл Президент Жарлығына сай жалғасын тапқан Төлеби ауданындағы аймақ басшысының үшінші тоқсанда төртінші кездесуі.

Төлеби ауданының әкімі кездесуде алғашқы басқосуда көтерілген мәселелердің орындалу барысы жөнінде баяндады. Қоғалы ауылдық округінің тұрғындары өткен кездесуде көтерген бірқатар мәселелерге тоқталып, тарқатып түсіндірді. Әкімнің ел алдындағы есебіне сүйенсек, атап айтқанда, «Ұзын» каналын тазалап, ағын су мәселесін шешу мақсатында аудандық «Төлеби су шаруашылығы» мекемесі тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілді. «Ұзын» каналының жалпы ұзындығы 27 шақырым оның 17 шақырымы «ҚазСуШар» мекемесі есебінен тазаланды. Сонымен қатар, округ тұрғындарының өтінішіне сай, тазалау қажеттігі туындаған «Науытсай» каналының жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын бөлігіне «ҚазСуШар» мекемесі есебінен тазалау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Қоғалы ауылдық округі аумағындағы ағын су бағасының көтерілуіне орай, зерделеу жұмыстары орындалып, облыс аумағында табиғи монополия мекемесі бекіткен баға 1000 текше метрге 294 теңге 8 тиын екені анықталды. Ал, Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы елді мекендеріне ауыз су жүйесі тартылып, қазылған жерлерді ретке келтіру бойынша табиғи газ, ауыз су желісін жүргізген мердігер мекеме жол жиектерін реттеп тегістеп, бұзылған арық-атыздарды қалпына келтірді. Диханкөл елді мекеніндегі ауыз судың сапасы бойынша сараптама қорытындысы алынып, халықтың тұтынуына жарамдылығы зерттелді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалы Төлеби аудандық бөлімшесінің №22-36 хаттамасы негізінде сараптау қорытындысымен ауыз судың ішуге жарамды екені анықталды. Жол мәселесі бойынша Диханкөл елді мекеніндегі Алмалы көшесіне асфальт және Тастақ көшесіне тас төсеу үшін сметалық құжаттары әзірленіп, «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асыру мақсатында салалық басқармаларға ұсынылды.

когалыкездесу1.jpg

Еркін форматтағы кездесу барысында халық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдағы шешімін күткен өзекті мәселелерді көтерді. Қоғалы ауылдық округінде тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстырып, трансформаторларды жаңарту қажет. Алмалы көшесін асфальт төсеп, ауыз су, ағын су мәселесін түбегейлі шешу үшін ауыз су жүйесін толығымен күрделі жөндеуден өткізу керек. Ауылдағы әлеуметтік нысандар маңына заң талабына сай жол кедергілерін орнатып, құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасына баса назар аудару қажет. Ветеринария мамандарының жұмысын жандандыру мақсатында тиісті басқармаларға хат жолданып, ол бойынша жұмыстар атқарылуда. Ал, үлкен және кіші Алшалы елді мекендерін жалғап отырған көпірдің жағдайымен танысқан әкім бұл мәселені зерделеуді салалық бөлімдерге тапсырғанын жеткізді.

Әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғам диалогын орнататын маңызды бағыт. Сондықтан, ел жағдайымен етене танысып, олардың сұрақтарына жауап беріп, көтерген мәселелерінің дер кезінде орындалуын бақылауымда ұстап, халықпен кездесу басқа ауылдық округтерде жалғасын табады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бап, 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп көрсетіліп, барлық мемлекеттік құрылымдар ел игілігіне еңбек етуі тиіс делінген. Бүгінгі күні, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы еліміздегі саяси ахуалға оң өзгеріс енгізуге мүмкіндік туып отыр.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесуі жөнінде тапсырма беріп, жыл басынан Төлеби ауданының ауылдық округтерінде 17-ші рет кездесу өткізіп, жеке қабылдаулар жүргізіп, әр аптаның сейсенбі күндерін тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ұсыныс-пікірлерін назарға алуға арнап жүрмін, – деді Төлеген Тұртайұлы.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу үшін Қоғамдық кеңес, «Парасат» пікір-сайыс клуб мүшелерімен тұрақты кездесіп, ел жағдайынан хабардар болып отыру міндеттелген. Бұған қоса, әкімдер әлеуметтік желідегі жеке парақшалары арқылы түскен сұрақтарға жауап беріп, халықпен жедел кері байланыс орнатуға көңіл бөлуде.

Төлеби ауданының әкімі аталған бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында Қоғалы ауылдық округі халқымен өткен кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында округ халқы ауыз су, интернет желісі, жайылымдық жерлер мәселесін көтеріп, елді мекенге медицина пунктінің құрылысын жүргізу жөнінде өтініштерін жеткізді. Өз кезегінде Төлеген Телғараев тұрғындардың сұранысы мен талап-тілектерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап беріп, сала басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуын өз бақылауында ұстайтынын айтты.


Білім мен денсаулық мекемелері күрделі жөндеуден өтуде
Әкім тұрғындармен кездесіп жеке қабылдау өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу