Мырзакентте балаларға арналған концерттік кеш өтті

Oinet.kz 28-07-2022 240

Screenshot_17.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің болашағы саналатын балалар үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, 2022 жылды "Балалары жылы" деп жариялаған болатын. Осыған байланысты ауданымызда аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен балаларды қорғауға, сапалы білім беруге және спорт, мәдени іс-шаралармен айналысуына барынша жағдай жасалуда. 

Күні кеше аудандық "Мақтаарал" мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудан орталығы Мырзакент кентіндегі "Жастар" гүлзарында балаларға арналған концерттік кеш өтті. Іс-шара барысында түрлі әндер айтылып, ойындар ойнатылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. 

Балалар жылына арналған "Жаз келді, жадырап" атты концерттік бағдарламаға келуші көрермендердің қарасы көп болды. Көңілді кеште аудан басшысының атынан балаларға түрлі сыйлықтар үлестірілді.  

Айта кетейік, ауданда балалар жылына байланысты және балалардың спортпен шұғылдануы үшін Мырзакент кентінде үлкен спорт сарайының құрылысы, 7 елдімекенде шағын футбол алаңшалары салынып жатыр. Сондай-ақ, аудан орталығында ата-аналар мен балалардың тынығып демалуы үшін орталық саябақтың құрылысы басталғалы тұр. 

Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады
Мақтааралда заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шара өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу