Мақтааралда залалсыздандыру жұмыстары жоспар бойынша 100% орындалды
Мақтаарал ауданында 2022 жылға энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында көктемгі және күзгі кезеңдер бойынша кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жоспарланған болатын. Нәтижесіне көктемгі кезеңде 45871 бас ірі қара мал, түйе және жылқыға, 57003 бас ұсақ малға толығымен "Дизисип" биопрепаратымен инъекциялау жұмыстары жүргізілді.
Бұл турады аудан әкімі аппаратының мәжілісінде 6 айдың қорытындысы бойынша есеп берген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының "Ветеринарлық қызметі" ШЖҚ МКК Мақтаарал аудандық филиалының басшысы О.Нурашов хабарлады.
Жалпы ағымдағы жылға облыс тарапынан Мақтаарал ауданына 91742 бас ірі қара мал, жылқы және түйеге, 114006 бас ұсақ малдарға аталған биопрепарат жеткізілген. Сондай-ақ, қоражайлар мен оған жапсарлас аумақтарды залалсыздандыру үшін 387 литр "Дизисип" және буферлік аумақтарды залалсыздандыру үшін 6 тонна "Дельтаметрин" препараттары бөлінген.
Қоражайлармен оған жапсапрлас аумақтарды залалсыздандыру бойынша 799845 ш/м, буферлік аумақтар бойынша 760392 ш/м жоспарланып, жұмыстар 100% толық орындалды. Жалпы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу 47 ветеринар маманға жүктелген. Сондай-ақ, іс-шараға 1 камаз, 1 дук автокөлігі, 11 ранц апараты, 27 гидрапульт қызметі жұмылдырылған.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне ит ұстау ережесін бұзғандығы үшін 53 тұрғынға байланысты 16 ұсыныс хат берілген екен. Әр түрлі жануарлардан зардап шеккендерді өткен жылдың тиісті есептік ай көрсеткішімен салыстырмалы түрде сараптайтын болсақ, 2021 жылы 259 адам, 2022 жылы 236 адамды құраған.
Айта кетейік, Түркістан облысы ауыл шаруашылық басқармасы "Ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Мақтаарал аудандық филиалы бойынша 2 кент пен 9 ауыл округтік бірліктерде 58 штатпен қамтылған.