Жаңа көпір ел игілігіне пайдалануға берілді
Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді.
Көпірдің ашылу рәсіміне аудан әкімі А.Абдуллаев, мәслихат хатшысы Ө.Көпеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров, Социалистік Еңбек Ері Т.Ағабеков және ауыл тұрғындары қатысты.
Өндіріс елді мекені тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Өйткені, Тастақсай өзенінен өтетін көпір Кеңес одағы кезінде асарлатып салынған болатын. Әр жылы көктемгі және күзгі су тасқындары салдарынан көпір бұзылып, тұрғындар мен әскери застава қызметкерлері қатты қиналатын. Жаңа көпірдің құрылысына облыстық бюджеттен 178 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында басталып, мердігер «ТС-Таукент» ЖШС өз мерзімінде және сапалы аяқтады. Көпірдің ұзындығы — 92 метр, ал ені — 10,40 метр. Өндіріс елді мекен тұрғындары көптен күткен қуаныштарын бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Тұрбат елді мекенін сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады.