Өмірзақ Шөкеевпен кездесуге 500-ден астам адам келді

Oinet.kz 19-07-2022 172

Screenshot_5.jpg

Ашық диалог: Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесуін облыс орталығынан бастады. Биылға екінші рет өткізіліп отырған облыс әкімінің есеп беру кездесуі ашық форматта өтіп жатыр. Кездесу алаңы ретінде Амфитеатр таңдалды. Ашық алаңда ұйымдастырылған шараға 500-ге жуық қала тұрғындары келді. Жүзге жуығы — жастар. 

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойды. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген.

Жаңа құжат бойынша, облыс әкімі жарты жылда бір рет "әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу", республикалық маңызы бар қала, астана әкімі "қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу", аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс.

Осы орайда облыс әкімінің халықпен есептік кездесуі «Сұрақ – жауап» форматында өтіп жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып, қаланың болашақ дамуы бойынша жоспарымен бөлісуде. Кездесу барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын қоя алады. Тұрғындар қашықтықтан да қатысуда. Кездесу әлеуметтік желілерде және Түркістан облысы әкімдігінің ресми платформасында тікелей эфирде көрсетілуде. 

Облыс әкімі Түркістан қаласының тұрғындарымен 31 наурызда кездесіп, халықты толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқылаған болатын. Кездесу мен жеке қабылдау барысында 32 мәселе көтерілді. Оның ішінде 23-і өз шешімін тапты, қалғаны шешілу үстінде. 

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, биылдан бастап халықпен кездесу форматы өзгерді. Әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етеді және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.

Облыс әкімі халықпен кездесіп өтініш-тілектерін тыңдап нақты шешімдерін айтты
Кентауды газдандыруда Түркістан тәсілі қолданылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу