Түркістан облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Oinet.kz 19-07-2022 267

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысында 2025 жылға дейін 250 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы түркістандықтармен кездесуде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы» жобасы бекітіліп, нәтижесінде 143 792 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстың экономикалық белсенді халық санына қарай 8 194 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Биыл 444 салалық жобаларды іске асыру аясында 33 819 жұмыс орындары ашылатын көзделуде. Және «Еңбек» бағыты аясында облыс бойынша 70 мың адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. 

2022 жылдан бастап «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде 5 658 адамға 6,2 млрд. теңге,  «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 386 азаматқа 436,7 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 3,4 млрд. теңгеге 2 765 гранттар беру көзделуде. 

- Өңір халқының табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды. Ендеше, бірлігімізді бір арнаға жұмылдырып, жаңарған Қазақстанды құруда бар күш-жігерімізді салып, абыроймен атқарамыз деген сенімдемін. Баршаңызды Түркістан қаласын қайта түлетіп, дамуы үшін өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! - деді Өмірзақ Шөкеев. 

Түркістандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 132,6 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бері жалпы алаңы 296,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы сауда көлемі 148,3 млрд. теңгеге жетті. Қаңтар-маусым арасында тасылған жүк көлемі 47,2 млн. тн. жеткен.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің есеп беру кездесуі ерекше өтті. 500-ден астам адам өздері үшін және қала үшін маңызды мәселелерді талқылауға келді. Тағы үш мың адам желіге қосылды. Осындай форматтағы кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

Шөкеев Түркістан тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді тыңдады
Жетісайдың инфрақұрылымы жақсарып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу