Азаматтардың тілегі орындалды
Президенттің "Әкімдердің халықпен кездесуі туралы" тапсырмасы бойынша Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков "Бекзат" секторында өткізген жоспарлы кездесуінде 26 тапсырма беріліп,қадағалауға алынған болатын.
Қазіргі таңда нақты 5-і орындалып аяқталды, 13 тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы бақылануда. Қалған тапсырмалар сараланып, тұрғындарға мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Бекзат секторында қала басшысының тапсырмасына сәйкес Қ. Қазақбаев көшесіне өндірістік кестеге сай канализация жүргізу жүзеге асырылуда, бақылау күшейтілді. Балтакөл тас жолы бойындағы аллеяда күрделі жөндеу жұмыстары басталды дейді мамандар.
Ал Т. Бәйтерекұлы көшесі мен Жәңгірхан көшесі, Қ.Қазақбаев көшесі бойындағы балалар ойын алаңшалары қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.
Қазіргі таңда аталған сектордың 40 көшесіне жарықшам орнатылған. 20 көше асфальтты, 80 көшеге тас төселген.
Тұрғын алап толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар қала әкімінің " Бірлік" секторындағы кездесуінде тұрғындардың 19 өтініші бойынша тапсырмалар берілген болатын. Өтініштің басым көпшілігі инфрақұрылым саласы бойынша айтылды.
Азаматтардың тілегі орындалып, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсақ, Керейхан көшесінде балалар ойын алаңшасының құрылысы жүруде. Сектордағы 110 Кв -тық кернеулі сым ауыстырылды.
Тұрғын алаптағы тазалық жұмыстарын жасауға ниетті тұрғындар өз істерін ашып, тазалықты қадағалау арқылы табыс табуда. Шалкиіз жырау көшесіне тас төселіп, жол негізі кеңейтілді. Одан бөлек, Ханқорған және Наурызым көшелеріне жаяу жүргінші жолы төселді. Секторда - 164 көше бар. Оның 17-і асфальтті, 120 көшеге тас төселді, 33 көше жарықшамдармен қамтылған.