Жол мәселесі шешімін табуда

Oinet.kz 18-07-2022 248

Screenshot_17.png

Биылғы жылдың 7 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы” жарлыққа қол қойып:  “Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін” деген болатын. Жарлық бойынша қала әкімдері “қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу” өткізу міндеттелген. 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала  тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, халықтың басты проблемаларына құлақ асып келеді. Кездесу барысында жиі көтерілетін мәселенің бірі -  жол. 

Облыс орталығында жалпы 845 шақырымға созылған 875 көше бар.  Былтырғы жылғы 6 айдың көрсеткіші бойынша қаладағы топырақ жолдың үлесі 286,4 шақырымды құрайтын. 

Жол төсеу инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына байланысты жоспарланғаны белгілі. Әйтсе де, жоспарлы жұмыс жүзеге асқанға дейін қалалықтар топырақ жолдың азабын тартпауы қажеттігін шаһар басшысы басты назарға алды. 

Жұмыла атқарылған тірліктің нәтижесінде қазіргі таңда Түркістанда 33 шақырым топырақ жол қалды. Жыл соңына дейін бұл мәселені түбегейлі шешуге жұмыс жүруде. Қала жолдарының бүгінгі көрсеткіші: 316 шақырымы - асфальт, 495 шақырымы - тас жол. 

Сонымен қатар, биылғы жылы 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) құрылысын іске асыру жоспарланған болатын. Соның,  27 көшесінде (32,8 шқ) құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, басқа көшелерде жұмыс жалғасуда.

Түркістанда 50 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі
Түркістанға ерекше шеру келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу