Құрылыс нысандарын аралады

Oinet.kz 28-07-2022 625

Screenshot_14.png

Шардара ауданының әкiмi Қайрат Жолдыбай Шардара қаласындағы бiрқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыстардың барысын қадағалады. Аудан басшысы әуелi 14 Бекет елдi мекенiнде орналасқан 300 орындық А.Иманов атындағы жалпы орта мектебiнiң құрылысымен танысты. Аталған нысанның жұмысы аяқталғанымен, әлi де кемшiн тұстары бар екенiн, оны жаңа оқу жылына дейiн жою керектiгi туралы жауапты мамандарға ескерттi. 

Аудан әкiмi мұнан соң С.Әшiров көшесi бойындағы жаңадан салынып жатқан емхана құрылысымен танысты. Аудан әкiмi әр нысандағы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау барысында мердiгерлерге құрылыс сапасы мен қарқынын қатаң қадағалауға алатынын жеткiздi. Бұдан бөлек, Қ.Жолдыбай қала орталығындағы күрделi жөндеуден өтiп жатқан Шардара мектеп-лицейiндегi жұмыстармен танысты. Аталған бiлiм ордасы жаңа оқу жылына пайдалануға берiлуi үшiн  мердiгерлерге жұмысты тездетiп  25 тамызға дейiн сақадай сай тұру керектiгiн айтты.  

Аудан әкiмi әр нысанның құрылыс жұмыстарын жүргiзiп жатқан тараптарды сынға алып, қабылдап алу кезiнде әр нысанның сапасы мен уақытылы аяқталуына аса мән беретiнiн атап өттi. Сондай-ақ, әкiмдiк тарапынан әрбiр нысанға жауапты басшыларға тиiстi тапсырма берiп, iстiң нәтижелi жүзеге асуын жеке бақылауына алатындығын айтты.

Арыста демалыс аймағы ашылды
Шаруалар жанар-жағармайдан таршылық көрмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу