Шардараның қарбызы ТМД-ға жөнелтілуде

Oinet.kz 20-06-2022 269

Screenshot_14.png

Түркістан облысы, Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды.  Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 5300 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығарды. Сондай-ақ өз еліміздің өзге өңірлеріне  аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда. 

Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 105-110 теңге аралығында сатып алуда. Диқандар алдағы уақытта экспорт көлемі арта түсетінін айтады. Ауданда қарбыз қоры мол.

Айта кетейік, Шардара ауданында өткен жылы 10 338 гектар жерге бақша өнімдері егіліп, 262 895 тонна өнім алынған. Биыл 11 578 гектар аумаққа бақша өнімі дақылы егіліп, одан 300 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауданға 1 926 тонна егістікке арналған тыңайтқыш бөлінген. Атап айтқанда, 931 тонна селитра, 530 тонна аммафос, 340 тонна сульфат аммоний және 125 тонна карбамид тасымалданды. Қосымша "Қазазот" ЖШС мекемесіне 700 тонна тыңайтқыш алуға өтінім берілген. Жалпы айтсақ, қазіргі таңда аудан бойынша 59 300 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, диқандардың бақша және мал азығы саналатын дақылдарды егу көрсеткіші артып келеді.

Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есеге артты
Түркістанда мал азығы жеткілікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу