Түркістан облысы шағын кәсіпкерлікті дамытудан көш басында тұр

Oinet.kz 20-06-2022 267

Screenshot_12.png

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың берік негізі екендігін ерекше атап өтті. Бұл ең алдымен тұрғындарға тұрақты жұмыс орнын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.

Осы ретте Түркістан облысында кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Қазіргі таңда өңірде  150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан мен қала тұрғындарымен кездесулерде облыс басшылығы тарапынан осы бағытта түсіндірме және насихат жұмыстары атқарылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 

–  Елдің кәсіпкерлікке деген ықыласы жақсы. Өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы 42,9 млрд. теңгеге 315 жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр.  «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы 2,2 млрд. теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн. теңгені құрады, – деді Ө.Шөкеев. 

Қазіргі таңда өңірде Түркістан облысы әкімдігінің тиісті басқармалары арқылы кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жеңілдіктер алу жолын түсіндіру бойынша ауылдарда, қалаларда семинар-кеңестер жалғасып жатыр. 

Облыста инвестиция көлемі де ұлғайған. Негізгі капиталға    бағытталған    инвестициялар көлемі 2021 жылдың   қорытындысымен   2,3   есеге   артып, (2018 ж. – 288,1 млрд. теңге) 660,3 млрд. теңгені құрады. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында Түркістан облысы     бойынша     2020-2025      жылдары 323,3    млрд.   теңгеге,    4823    жаңа    жұмыс    орнымен 34 инвестициялық жоба енгізілген. 2020-2021 жылдары инвестициялық құны 13,6 млрд. теңге болатын 19 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2015 жаңа жұмыс орны құрылған.

Диқандар бір алқаптан 2-3 өнім алуда
Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есеге артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу