2025 жылы қала 100 пайыз газбен қамтылады

Oinet.kz 03-09-2021 779

Screenshot_42.png

Қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі - қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді.

Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындары үшін жақын уақытта көгілдір отын қол жетімді болады.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына орай Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2020 жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Алталмыш құрылыс жұмысын «КОМБИ-СТРОЙ-1» ЖШС  мердігер мекеме тарапынан жүргізілді.   Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, бүгінде құрылыс жұмыстары 100 % аяқталып отыр. 

Қазіргі таңда атқарылған жұмыс бойынша  мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі түзіліп жатыр. Құжаттар қыркүйек айының соңында толығымен аяқталып, нәтижесінде  Әл-Фараби ауданына қарасты  Бадам-195 орамдағы 4140 тұрғын  қазан айынан бастап табиғи газбен қамтылатын болады.

Айта кетейік, 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.


Үйіңіз тозса жөндеп береді
«Жастар практикасы» - тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу