Үйіңіз тозса жөндеп береді

Oinet.kz 03-09-2021 872

Screenshot_41.png

Пайдаланылған баспана тозған жағдайда, оны жөндеу бар. Шымкентте осы саладағы инвестициялық әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мақсатында 2011-2017 жылдар аралығында көп пәтерлі 132 үй жөнделсе, 2020 жылы көп қабатты 76 үйді жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал биыл коммуналды 10 үйді ағымдағы жөндеу және 25 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Осылайша реновациялау бағдарламасы аясында тозығы жеткен және апатты деп танылған үйлер түбегейлі жаңартылмақ.

– Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша техникалық зерттеу қорытындысы негізінде бұзуға ұсынылған көп пәтерлі 107 үй тіркеуге алынған. Абай ауданы бойынша – 56 үй, Әл-Фараби ауданында – 43, Еңбекші ауданында 8 үй бар. Жалпы, Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялау – авариялық үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың өмір сүру ортасын жаңартуға және өмір сүруіне, қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, – деді Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Жақыпбекұлы.

Реновация бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және инвестициялар арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйым – «Shymkent «ӘКК» АҚ.

Айта кету керек, биыл «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының іс-шаралары бекітілген болатын. Аталған жол картасында 2022-2025 жылдар аралығында қабылданған бағдарлама негізінде республика бойынша барлығы 250 апатты үйді бұзу және тұрғын үй мен жер учаскесін реквизициялау тәртібімен азаматтарды көшіру қарастырылған.


Жастарға да баспана қарастырылған
2025 жылы қала 100 пайыз газбен қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу