Шымкент туристерге қолайлы қала

Oinet.kz 27-08-2021 594

Screenshot_14.png

Үшінші мегаполис- еліміздегі туристерге қолайлы, тартымды шаһарлардың бірі. Сондықтан болар мұнда Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылдуда.

Әсіресе  қалаға келуші қонақтар үшін ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жүйелі іске асуда. Биылғы жылдың мамыр айында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «e-Qonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылған болатын. 

Ақпараттық жүйе арқылы мегаполиске келген туристер ертеректе атқарылғандай Көші-қон полициясына барып немесе «егов» порталына кіріп уақыт жоғалтпай, өздері тоқтаған қонақ үйде қызметкерлердің көмегімен немесе өз ықпалымен тіркеле алады. Бұл туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған жүйе. Бүгінгі күнге дейін базада 40 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген. 

Жалпы Шымкентте 120 орналастыру орны бар. Оның жетпісінде, атап айтсақ, қонақ үйлер, хостелдер және демалыс үйлері тәжірибеде қолданып келеді. Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнату жоспарланған дейді мамандар.


Жастар «далада қалмайды»
Жаңа зауыттар салынуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу